389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығы саласына 2,5 мыңнан астам маман жетіспейді

  • 535
  • UPD: 15:16, 17.01.2019
Ауыл шаруашылығы саласына 2,5 мыңнан астам маман жетіспейді

Елімізде ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін 2 жарым мыңннан аса маман тапшы. Бірақ соған қарамастан аграрлық мамандықтар бойынша бітірген түлектердің тек 68 пайызы ғана жұмысқа орналасады екен.

Білім және ғылым министрлігінің ақпараты осындай. Яғни жыл сайын мемлекет есебінен оқытылатын 670-тен аса түлек жұмыссыз қалады. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының отырысында белгілі болды. Сондай-ақ сенаторлар елімізде 700 мыңға жуық адам қант диабетіне шалдыққанын айтып, алаңдаушылық білдірді. Депутаттар сырқатпен күресу үшін резервтік инсулиндік қор құруды ұсынып отыр. Сондай-ақ олар диабетке шалдыққан балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығын құру қажет деп санайды. Осы сынды ұсыныстар денсаулық сақтау министрінің атына жолданды.

Хабар 24 телеарнасы