384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Инспектор өліміне қатысты күдіктілер туралы нақты деректерді жариялаймыз – Қ.Қасымов

  • 526
  • UPD: 15:40, 17.01.2019

Қызметтік міндетін атқарамын деп ажал құшқан «Охотзоопром» мекемесінің инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты жаңа дерек пайда болды.

Аталған іс бойынша Қызылорда облысының тумалары күдікке ілінді. Қазіргі таңда олардың аты-жөні мен мінген көліктері анықталып жатыр. Тіпті, сол қанды қақтығыстың куәгерлері де табылған. Бірақ күдіктілер әлі қолға түскен жоқ. Бүгінде олар іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, осыдан екі күн бұрын браконьерлердің ізіне түскен инспектор алғашқылардың қолынан ауыр жарақат алып қаза болды.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Қылмыскерлерді ізін суытпай құрықтағымыз келді. Алайда күн райының қолайсыздығына байланысты таңда тікұшақты қолдана алмадық. Бірақ белгілі болғандай, қаскөйлер екі көлікпен жүрген. Қылмысты үш адам жасағандықтан, түйінді шешу қиындық туғызбады. Олардың артында тұрған адамдарды да анықтадық. Нақты деректерді кейін жариялаймыз.

Хабар 24 телеарнасы