383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баспана құрылысы жыл сайын шамамен 1 млн шаршы метрге артып келеді

  • 438
  • UPD: 15:48, 17.01.2019

Еліміздегі баспана құрылысы жыл сайын шамамен 1 миллион шаршы метрге артып келеді. Мәселен, 2017 жылы 11 миллион шаршы метр қолданысқа берілсе, өткен жылы көрсеткіш 12 миллионнан асып түскен.

Ал биыл 13 миллион шаршы метр үй пайдалануға берілуі керек. Бұл жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, құрылыс қарқыны ең жоғары қалаларға, Астана, Алматы және Маңғыстау облысы кіреді. Жалпы, барлық аймақ алға қойған жоспарларын толық орындады. Ал оған тартылған инвестиция көлемі 1 трлн теңгеден асты.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Үй құрылысына 1 трлн 182 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық.  Пайдалануға берілген үйлердің саны 2017 жылмен салыстырғанда 12,1 пайызға көбейіп отыр 9:48 мемлекет тарапынан бөлінетін 1 теңгеге 6 теңге жеке инвестициялар тартылды біздің салаға.

Хабар 24 телеарнасы