384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада пышақталған жедел жәрдем қызметкерінің жағдайы қалыпты

  • 647
  • UPD: 23:21, 17.01.2019

Елордада жедел жәрдем қызметкеріне ер адам пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға тұрғын үйлердің бірінде болды. Шақыртуға барған дәрігерлер бригадасы науқасқа медициналық көмек көрсеткісі келген. Алайда оның мас күйдегі күйеуі тарапынан қарсылық көреді. Салдарынан фельдшер маман басынан жарақат алған. Оған жедел түрде көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

Юрий Дегтярь, теміржол ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Науқасқа жабық бас-ми жарақаты және бас миының шайқалуы диагнозы қойылды. Ол басынан ауыр пышақ жарақатын алған. Бірақ сүйегіне зақым келмеген. Науқастың жарасын тігіп, жедел түрде көмек көрсеттік. Қазір жағдайы қалыпты.

Хабар 24 телеарнасы