388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денис Теннің өліміне қатысты сот мәжілісі басталды

  • 378
  • UPD: 17:51, 17.01.2019

Бүгін Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотында Денис Теннің өліміне қатысты үкім шығарылмақ.

Жалпы, бұл іс бойынша тергеу амалдары барысында 38 томдық құжат жиналды. Дәл қазір сот мәжілісі басталды.

Күрмеуі қиын бұл сот отырысы екі жетіге созылды. Осы уақыт аралығында бірталай куәгерлер мен айыпталушылардан сұрақ-жауапқа алынды. Ал 3 күн бұрын сотталушы Нұралы Қиясов Денис Тенді пышақтағанын мойындады. Бұны тергеу барысындағы деректер де растап отыр. Ол өз кінәсін толық мойындағанымен, бұл қылмыстың алдын ала жоспарланбағанын айтты. Ал кеше тараптардың уәжін тыңдау барысында айыптаушы тарап Қиясов пен Құдайбергеновті 20 жылға, ал осы іске қатысы бар Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандықтарынан айыруды сұрады. Дегенмен Денис Теннің анасы Оксана Тен бұған келіспей отыр. Оның пікірінше, бұл істе арнайы тапсырыстың сипаты бар. Дегенмен арыз қабылданған жоқ.

Дәл қазір сот процесі жалғасып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, осы іске төрағалық етуші судья Кеңшілік Әбілдинов сотталушыларға үкім шығарады деп күтіліп отыр. Ол туралы алдағы жаңалықтарымызда айтамыз.

Авторы: Алмас Сәдуақас

Хабар 24 телеарнасы