430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да мал ұрлаған ұйымдасқан топ ұсталды

  • 1670
  • UPD: 23:18, 17.01.2019

Олардың өткен жаздан бері Өскемен қаласына жақын маңдағы ауылдардың малын барымталағаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әбден дәніккен ұрылар өрістегі жылқы мен сиырды тапа-тал түсте атып, алып кетеді екен. Қаланың іргесіндегі Мамай батыр ауылында екі күннің бірінде ұрлық. Дегенмен полиция Ұлан ауданындағы біраз ауылдың малын барымталаған ұйымдасқан топты ұстады.

Жәміш Мағай, Мамай батыр ауылының тұрғыны:

- Көлік тұрғанын көрдік. Өзіміздің жерімізде. Балалар малдың ана бөлігін айдап келгенше, 8 бас сиырымызды айдап әкетті. Ол сегіз сиырға бұқа керек болды ма, бір аптадан кейін 2 бұқасымен қосып алып кетті. 

Нұркен Көпжасаров, облыстық Полиция департаментінің басқарма басшысы:

- Жедел топ күн демей, түн демей жүгіріп жүріп қылмыстық топты құрықтады. ШҚО азаматтары, 25-30 жаста. Олар өздерінің кінәсін мойындап отыр.

Хабар 24 телеарнасы