421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланып жатыр

  • 1452
  • UPD: 23:18, 17.01.2019
Атырауда «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланып жатыр

Бүгін мұнайлы өңір мұғалімдері «Педагог мәртебесі туралы» заңға қатысты өз пікірілерін ортаға салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға барлық деңгейдегі ұстаздар мен ғалымдар, кәсіподақ ұйымы өкілдерінен құралған жұмыс тобы қатысып, алты тарау, жиырма бір баптан тұратын жобаны талқылады. Жалпы, құжатты талқылау барысында 40 мыңға тарта ұсыныс жинақталыпты. Сондай-ақ ниет білдірушілер Білім және ғылым министрлігі мен «Білімді ел» газетінің веб-ресурстары арқылы да ойларын ортаға сала алады.

Елдос Нұрланов, жұмыс тобының мүшесі:

- Заң жобасын дайындау – күрделі процесс. Ол қабылданғанша бірнеше сүзгіден өтеді. Жұмысшы тобының бүгінгі таңда ұсынып отырған заң жобасы – тұжырымдамасы бектіліп, мемлекеттік органдар және бүкіл педагогтар талқылап жатыр. Оның берері көп. Ол айтарлықтай кешенді көтермелеу, кепілдіктер қарастырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы