430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тікұшақтың құлауына тұман себеп болуы мүмкін

  • 1958
  • UPD: 21:15, 17.01.2019

Алматыда шағын тікұшақ құлап, ұшқышы қаза тапты.

Кейін белгілі болғандай, әуе техникасын 51 жастағы Валентин Шитов басқарған. Бортта басқа жолаушы болмапты. Оқиға орнына дереу жеткен медицина қызметкерлерінің айтуынша, ұшқыш алғашында қимылдап жатқан. Бірақ ауруханаға бара жатқанда ауыр жарақаттанған азамат жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Төтенше жағдайлар комитетінің ақпараты бойынша, оқыс оқиға бүгін сағат 16:00-де Наурызбай ауданына қарасты Таусамалы шағын ауданында болған.

Анықталғандай, апатқа ұшыраған «Еврокоптер-130» маркалы әуе техникасы «Скай Сервис» әуе компаниясына тиесілі екен. Тікұшақ Боралдай-Үлкен Алматы көлі бағытымен ұшқан. Осыған байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, тікұшақтың құлауына таңнан бері тұрған қалың тұман себепші болуы мүмкін.

Авторы: Жандос Айтбайұлы

Хабар 24 телеарнасы