425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісуда көпқабатты үйлерді табиғи газға ауыстыру мәселесі шешілмей тұр

  • 1519
  • UPD: 23:53, 17.01.2019

Алматы облысының Талдықорған қаласына табиғи газ жеткізу жұмыстары осыдан екі жыл бұрын басталған, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

2017 жылдың қыркүйек айында көгілдір отын жекеменшік сектордағы алғашқы үйлерге беріле бастады. Сол кезде «Бізге де келер» деп көпқабатты үйлердің тұрғындары қуанып еді. Алайда үміт ақталмады. Құбырлары тартылып қойылған ықшамаудандар әлі күнге дейін сығымдалған газдан құтылар емес.

Аймақты газдандыруға мемлекет қаражатты аяп отырған жоқ. Жеткілікті көлемде бөлді. Инвесторлар да табылып, өз үлестерін қосып жатыр. Газ құбырларын әр үйге жеткізу үшін қыруар шаруа атқарылуы керек. Бүгінде 45 компания сондай жұмыстармен айналысады екен. Бірақ кейбірі жұртты алдап, оңай олжаға құныққан сыңайлы. Алданып, 80 мың теңгеден қағылған азаматтың бірі – талдықорғандық Илхам Молыбаев.

Илхам Молыбаев, қала тұрғыны:

- Осындай болған. Одан кейін барып «ҚазТрансГаз Аймаққа» барып келісімшартқа екінші рет қосты. Екі аптадан кейін газ келді.

Негізінде Талдықорғандағы тұтынушыларға табиғи газды қауіпсіз әрі үздіксіз жеткізу міндеті «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Жетісу өндірістік филиалына жүктелген. «Бірақ халыққа теріс ақпарат беретіндер көп, сондықтан үйіне газ кіргіземін деген адам бізге келу керек», – дейді ондағылар. 

Дәулет Өсербаев, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының бас маманы:

- Халыққа айтатыным, сіздерге су керек болса, су арнасына барасыз, жарық керек болса, энергосбытқа барасыз, ал газ керек болса, бізге, «ҚазТрансГаз Аймаққа» келіңіздер.

Бүгінде Талдықорғанда газға қосылу мүмкіндігіне ие 15 мыңдай абоненттің 2 мың 157-сі ғана газ желісіне қосылған, 300 абонент қосылуды күтуде. Әлі күнге дейін облыс орталығындағы көпқабатты үйлерді табиғи газға ауыстыру мәселесі шешімін тапқан жоқ. Газ мамандарының жазған хаттарына жергілікті билік тиісті назар аудармай отыр. Ал тұрғындар баяғыша ауладағы газгольдерге құйылатын сығымдалған газды пайдалануға мәжбүр.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы