430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында жүзден астам үй газсыз отыр

  • 1361
  • UPD: 16:55, 18.01.2019

Маңғыстау облысындағы жүзден астам жер үйде газ жоқ.

Ақтауға іргелес Басқұдық елді мекенінде 33 мыңға жуық халық тұрады. Былтыр аймаққа газ құбырын тартуға жауапты мекеме инвестициялық жобалар есебінен 100 млн теңге бөлінген еді. Қазір үйлердің 80 пайызы көгілдір отынмен қамтылды. Ауылдық округ әкімі халықпен кездесуінде қалған бөлігіне газдың қашан берілетінін айтты.

Талғат Исламұлы, twitter@talkin_84

– Басқұдық ауылдық округінде 280-ге тарта жер үй бар. Елді мекен жеті тұрғын үй массивінен тұрады. «Болашақ» және «Жаңа қоныс» деп аталатын екі массиві кезінде жобалауға енбей қалған. Оған газ тарту жұмыстары былтыр басталды.

Бас-аяғы 11 көшенің сегізі газ желісімен қамтылған. Қалған үш көшеге құбыр тартылып тұр. Ауылдық округ әкімінің жоспарынша биыл іске қосылмақ. Шәрбат Тілеуованың жанұясы былтыр көгілдір отынға қол жеткендердің бірі. Оған дейін тамақ пісіріп, үйді жылыту үшін электр қуатын пайдалану отбасы бюджетіне салмақ салып келген.

Шәрбат Тілеуова, ауыл тұрғыны:

– Бұрын біз тоққа пісіретінбіз. Электр энергиясының өтемі де қымбат. Мынадай үлкен үйді жылытуға да керемет қаржы жұмсайтын едік. Қазір жақсымыз. Газды әлі де алмаған үйлер бар. Олар да біз сияқты қуансын деп тілек тілейміз.

Ауылдықтардың тағы бір мәселесі – мектептегі орын тапшылығы. Бұған дейін екі мыңнан астам оқушы көрші ауылға автобуспен қатынап келді. Былтыр Басқұдықта 600 орындық білім ордасы ашылды. Десек те, әлі күнге бір мыңнан астам бала көрші елді мекенге барып оқиды.

Өсер Тілепов, Басқұдық ауылдық округінің әкімі:

– Осы тасымалдауды тоқтату үшін облыс әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес Басқұдық ауылдық округінде екі мектептің ЖСҚ дайындалып жатыр. Қазіргі таңда 1200 орындық мектептің ЖСҚ кәсіпкер өз қаржысына жасап берді. Қазір мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Екіншісі мемлекет тарапынан жасалып жатыр.

Талғат Исламұлы, twitter@talkin_84

– Құжаты мемлекет қаржысына жасалып жатқан 600 орындық мектеп «Жаңа қоныс» тұрғын үй массивінде салынады. Сондай-ақ Басқұдықтағы 960 орындық білім ордасына қосымша 320 орындық ғимарат жалғанады. Жоба дайын. Қаржы бөлінуімен жуырда құрылыс басталады. Сондай-ақ ауылдық округ әкімі биыл 5 жекеменшік балабақша мен медицина орталығы ашылатынын айтып отыр.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы