417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тікұшақ апаты: Sky Service әуе компаниясының жұмысы тоқтатылды

  • 1392
  • UPD: 13:58, 18.01.2019

Азаматтық авиация комитеті құлаған әуе кемесі тиесілі «SKY SERVICE» компаниясының ұшуларын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат себептерінің бірі ретінде сарапшылар ауа райының қолайсыздығын, әсіресе тұманды атап отыр. Айта кетейік, тікұшақ Францияда франко-неміс Airbus Helicopters компаниясымен жасалған. 2017 жылы шығарылған тікұшақ 6 жолаушыға арналған. Ол іскерлік жеке және туристік ұшуларға, шұғыл медициналық көмек көрсетуге, авиациялық жұмыстарға және мұнай мен газ бойынша операцияларға арналған. Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға кеше сағат 16.00-де Наурызбай ауданына қарасты Тау самалы шағын ауданында болған. Әуе техникасын 51 жастағы Валентин Шитов басқарған. Бортта басқа жолаушы болмаған. Алайда пилот ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Қазір Көлік оқиғаларын тексеру департаменті оқыс оқиғаны тергеуді бастады.

Хабар 24 телеарнасы