429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыдағы логистикалық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын

  • 1042
  • UPD: 16:43, 18.01.2019
Қарағандыдағы логистикалық орталықтың құрылысы аяқталуға жақын

Қарағандыда логистикалық орталық құрылысының алғашқы кезеңі аяқталды.

Еліміздегі алғашқы заманауи сауда алаңының аумағы 60 гектарды алып жатыр. Бұл – өндірісті өңірде жүзеге асып жатқан ірі 30 инвестициялық жобаның бірі. Құны 10 миллиард теңгеден асады. Енді Қарағанды облысының фермерлері мен диқандары, бағбандары өз өнімдерін еш делдалсыз осы алаңда саудалай алады. Бұрын олар алыпсатарларға арзан бағаға беруге мәжбүр еді. Қазір оған жол берілмейді. Орталықта 3 қойма бар. Екеуі құрғақ, ал біреуі – жеміс-жидек пен көкөніске арналған климаттық қойма. Мұнда бір мезгілде 164 жүк көлігі кіре алады. Орталықта бір жылда шамамен 300 мың тонна ауылшаруашылық өнімі сатылады деген болжам бар. Сауда кешенінің екінші кезеңі мамыр айында толық аяқталады. Бүгінгі күні кедендік бекет, теміржол тұйығы, қонақүйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Наиль Мунасипов, көтерме-бөлшек сауда орталығының коммерциялық директоры:

– Логистикалық орталық фермерлерге үлкен көмек болғалы тұр. Алып-сатарлардың жолы кесіледі. Түптеп келгенде ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы 30-40 пайызға дейін арзандайды. Бұрын бұл ақша делдалдардың қалтасына түсетін. Қойманы жалдау құны да қымбат емес. Қанша тауар қалды, сол орынға ғана төлейді. Ең бастысы, ала жаздай баптаған өнімін қанша уақыт болса да сақтай алады. Қоймалар заманауи технологиямен жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы