384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда 91 нысанның иесі меншігін мемлекет мұқтаждығы үшін бұзуға келісім берді

  • 470
  • UPD: 18:51, 18.01.2019
Түркістанда 91 нысанның иесі меншігін мемлекет мұқтаждығы үшін бұзуға келісім берді

Түркістан қаласында 91 нысанның иесі меншігін мемлекет мұқтаждығы үшін бұзуға келісім берді. Бүгінге дейін 17 үй сүріліп, орыны тегістелді.

40 азамат бағалау жұмыстарымен келіспей отырса, қалған 30 нысанның иесімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлімдеді. Шаһар басшысының айтуынша, әкімшілік екінші рухани-мәдени аймақтағы меншігі бұзылатын 170-ке жуық нысан иелерінің барлығына осыдан 3 ай бұрын бағалау жұмыстарының нәтижесін жіберген. Егер осы аралықта берілетін өтемақымен келіспейтін тұрғындар болса, өздері бағалатып, сотқа беруге құқылы екенін ескерткен.

Қала әкімі Әліпбек Өсербаевтың айтуынша, берілген 3 ай мерзім аяқталды, енді әкімшілік сот арқылы шешуге мәжбүр екен. Сондай-ақ шаһар басшысы әлеуметтік желі арқылы «үйімізді тартып алып, бұзып тастайын деп жатыр» деп, байбалам салушылардың әрекеті шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Әліпбек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі:

- 171 нысанның бәрін бірден бұзып тастайын деп отырған жоқпыз. 1-ші кезекте салынатын құрылыс нысандарының орнын, қажет болса 1 ақпанға дейін босатуымыз қажет. Ал одан кейін рет-ретімен қандай нысан түседі, соған байланысты біз босата береміз. Кейбір азаматтар «бізге тез-тез қаржыңызды беріңізші, тез көшіп кетейік» деп отыр. Біз оларды бұзбай отырмыз. Бізге 1-кезекте орны белгіленген жерді ғана бұзып, ары қарай сәуір, мамырға дейін өздері шығып кетсін деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы