384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ІІМ инспектордың өліміне күдіктілердің фотосын жариялады

  • 857
  • UPD: 20:18, 18.01.2019
ҚР ІІМ инспектордың өліміне күдіктілердің фотосын жариялады

Табиғатты қорғау инспекторларына шабуыл жасауы мүмкін күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланды.

«Қарағанды облысының полиция депаратменті 13 қаңтар күні Қарағанды облысы Нұра ауданында болған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кешенді тергеу жұмыстарынан кейін қылмысқа қатысы бар үш адам анықталды. Күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланды», - делінген хабарламада. Сондай-ақ министрлік аты-жөндері анықталған К.В.Ақшановтың, Б.М.Ахметов және Н.М.Шүкілдековтың суретін жариялады.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында қайтыс болған еді. Осы оқиғадан соң ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев инспектор өліміне қатысты браконьерлердің барлығы анықталғандығын хабарлады. 

Қарағанды облысының Полиция департаменті күдіктілер туралы қандай да бір мәлімет білетіндер болса 8(7212)429204, 429190, 429025, 429026 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы