386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бала тууына байланысты жәрдемақыға 40 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған

  • 667
  • UPD: 21:08, 18.01.2019

Мемлекет бірінші, екінші, үшінші баласы дүниеге келген әрбір отбасыға  95 950 теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы төлейді. Бұл 2019 жылға белгіленген сома.

Ал төрт және одан да артық дүниеге келген нәресте үшін 159 075 теңге қарастырылған. Соңғы үш жылда мұндай көмек қаражаттың көлемі 40 процентке көбейген. Былтыр бір жолғы жәрдемақы 395 мың адамға үлестіріліп, бұл мақсатқа 40 млрд теңгедей ақша жұмсалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Көп балалы және табысы төмен отбасылар үшін қосымша мемлекеттік қолдау қарастырылған. Мәселен, мекен-жайлық әлеуметтік көмек. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай демеудің жаңа форматы іске асып отыр бүгінде. Яғни мемлекет оларға ақшалай төлемнен бөлек әлеуметтік қызметтер көрсетіліп, жұмыспен қамтуда, оқуға түсуде және шағын несие рәсімдеуде қолдау білдіреді.

Хабар 24 телеарнасы