423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да отбасылық кәсіптің танымалдылығы артып келеді

  • 1360
  • UPD: 15:36, 19.01.2019

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында шағын және орта бизнес нысандарының саны 4 мыңға жуықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Былтыр олардан түскен салық түсімі 708 миллион теңгеге жеткен, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 161 миллион теңгеге артық. Отбасылық кәсіпкерліктің де даму қарқыны жоғары.

Үміт Махметқызының өз мамандығы аспаз екен. Осыдан 20 жыл бұрын жұмыс орнынан қысқарып қалғанда отағасымен ақылдаса келе жеке кәсіпкерлікпен айналысуды жөн деп шешкен. Алғашында торт, печенье жасап саудаға шығарады. Ал қазір 15-тен астам кондитерлік өнім жасайды. Аягөздегі той-томалақ пен дастарханның сәнін осы цехтан шыққан өнімдер жаулап алған.

Үміт Момышева, кәсіпкер:

- Цехымыз кішкене тарлау болып тұр. Бұдан да халықтың сұранысына сай түрлі тағамдар қосқымыз келеді. Жабдықтарды жаңартып, цехымызды кеңейтіп, 15 адамға жұмыс беріп отырсам, бұдан кейін көбірек адамдар алсам болады деп отырмын.

Үміт апайдың жанында қыздары мен келіндері көмекші болып жүрсе, ұлы Нұрбол да бос жүрген жоқ. Әскерден келгелі әкесінің жанында. Кенжебай аға бірнеше жылдан бері көлік жөндейтін цех ашқан. Аягөздегі техникалық ақауы бар темір тұлпарлардың көбі осы жерден қайта жаңғырып шығып жатады. «Енді осы өнерге немерелерімді баулысам», – дейді шебер.

Кенжебай Момышев, темір жонушы:

- 5 немерем бар, 4 ұл. Енді осылар келешекте оқуын да оқып, кәсіпті де меңгере білсе, өздеріне келешегіне керек. Бәрі оқу бітіріп, прокурор, сот болып кетпейді ғой. Сондықтан әр салада жұмыс істеген жақсы, өте қызықты. Химияны білу керек, физиканы да білу керек, барлық саланы білу керек.

Еңбекпен келген нан тәтті. Мұны жақсы түсінетін Момышевтар отбасы болашақта заманға сай құрал-жабдықтар алып, цехтарын кеңейте түсуді жоспарлап отыр. Жергілікті әкімдік те қаржылай қолдау білдіріп, жеңілдетілген несиелер бөлудің жолын қарастыруда.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов

Хабар 24 телеарнасы