387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық жеткіншектің бойындағы қасиет ғылым үшін жұмбақ болып отыр

  • 1106
  • UPD: 07:47, 20.01.2019

Таразда бойында магниттік тартылыс күші бар «Магнит бала» тұрады. Темірден жасалған кез келген кішігірім

заттарды бала денесіне жақындатқанда, магнитке қойғандай жабысып қалады. Әуелі ас қасықтарын кеудесінде ұстап тұра алған Нұрдәулеттің бұл қабілеті күн санап артып келеді. 

10 жасар Нұрдәулет Тараз қаласындағы нөмірі 29-мектептің үшінші сыныбында оқиды. Бойындағы ерекше қасиетті ең әуелі атасы 6 жасында байқапты. Теледидардан темір металдарды жапсырып жатқан қарияны көріп, немерісіне тәжірибе жасаған. Ерекше дарыны жақындарын таңқалдырған. Әуелі де жеңіл темірлерді жабыстырып көрген ол бүгінде ұялы телефон, планшет, үтік сияқты ауыр заттарды да кеудесінде ұстап тұра алады.

Нұрдәулет Арыстанбек, қала тұрғыны:

- Атам екеуіміз телевизор көріп жатқанда бір апа өзінің үстіне темір заттар жабыстырып жатыр екен. Одан ата айтты маған жабыстырып көрейік деді, оған маған қасық әкел деді одан жабыстырды.

Сынып жетекшісінің айтуынша, Нұрдәулет спортпен шұғылданғанды ұнатады. Оқу үлгірімі де жақсы.

Айшолпан Жаңабаева, сынып жетекшісі:

- Оған басқа балалар ондай магниттік қасиеті бар деген ондай немен қарамай, өте қарым-қатынастары жақсы сөйлеседі баллармен ара қатынасы да өте жақсы, сабақ үлгерімі тамаша, содан кейін оның жаңағыдай спорттық бейімділігі өте жоғары.

Денесіне темірдің жабысып қалуынан басында ата-анасы қатты қорыққан. Дәрігерге тексертіп, денсаулығынан кінәрат таппапты. Ал физиктер оны былай түсіндірді.

Сәкен Әлжанов, физика пәнінің мұғалімі:

- Бұл қасиетті физикалық тұрғыдан түсіндірсек, Бенжамин Роджерс деген ғылыми сыншы магнит компастың көмегімен адамның магнит өрісін зерттеген, бірақ ондай өрісті байқамаған. Ооны  көптеген ғалымдар терінің жабысқақтығымен түсіндіреді.

Тараздық магнит бала атанып кеткен Нұрдәулет, өскенде атақты футболист болуды армандайды.Ата-анасы мен жақындары алғыр баланың болашағынан мол үміт күтеді.

Авторлары: Қырмызы Жексенбек, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатілла

Хабар 24 телеарнасы