384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы апатты жағдай қалпына келтірілді

  • 675
  • UPD: 23:35, 20.01.2019

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 19 қаңтар күні шаһар жылусыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желілік магистральді құбыр желісінде бір жарым метр болатын жарық пайда болды. Апат болған жердегі суды тоқтату үшін желілік су сорғылар жұмысы уақытша ажыратылды. Сол күні оқиға орнына облыс басшысы да барды. Осыдан соң апат салдарын дереу жою үшін салааралық жедел штаб құрылып, іске кірісті. Ал кешкісін сағат 21:50-де ақау болған магистральді құбыр желісі сумен толтырылып, қалаға жылу беру жұмысы қалпына келтірілді. Атырау облысында екі күн бойы ауа райы жылы болғандықтан, апатты жағдайдың салдары тұрғындарға аса әсер еткен жоқ.

Серікжан Ерментаев, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

- Қазір орталық жылу құбыры қалыпты жүйеде жұмыс істеп тұр. Барлық ықшамаудандарға ыстық су мен жылу жетті. Енді қалалық әкімдік пен ПИК-і көпқабатты үйлерді жылуға қосуда.

Хабар 24 телеарнасы