389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Осы аптада Астанада қандай шаралар өтеді?

  • 976
  • UPD: 15:56, 21.01.2019
Осы аптада Астанада қандай шаралар өтеді? astana.gov.kz

Астана қаласы әкімдігі 21-27 қаңтар аралығында қаладағы мәдениет және спорт мекемелерінде өтетін шаралар жоспарын ұсынады.

21-27 қаңтар күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Тәуелсіздік сарайында Ж.Қайраттың «Түс әлемі» жеке көрмесі, Рүстем Беркімбаевтың «Үміт жолы» көркем сурет көрмесі және «Менің елім - Мәңгілік ел» атты Астана қаласы Суретшілер одағы жастар бірлестігінің көрмесі өтеді.

Ал 31 қаңтарға дейін Тәуелсіздік сарайында «Ақанаевтар әулеті» жеке көркем көрмесін, «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесін және «Антиквариат» көрмесін тамашалауға болады.

21 қаңтардан 10 ақпанға дейін Қалалық алаң, «Хан Шатыр» ОСО аумағы, Ботаникалық бақта (сағат 13:00 - 20:00 аралығында) - «Astana Winter Land» фестивалі аясындағы қысқы шаралар циклі өтеді.

22 қаңтарда сағат 11:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Ертөстік» халық ертегісі қойылады.

23 қаңтар күні сағат 18:30-да бұл театрда Ш.Айтматовтың «Аққудың көз жасы» драмасы басталады.

22-23 қаңтар күндері сағат 11:00-де «Алау» мұз айдынында коньки тебуден Қазақстан Республикасының Чемпионаты (көпсайыс) өтеді.

Сондай-ақ, 23 қаңтарда «Астана» концерт залында сағат 19:00-де Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған музыкалық-әдеби кеш ашылады.

Бұл күні Жастар театрында сағат 19:00-де Қ.Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясы қойылады.

24 қаңтарда «Жастар» театрында сағат 11:00-де Г.Х.Андерсеннің «Қар ханшайымы» ертегісі қойылады.

25 қаңтарда «Жастар» театрында сағат 19:00-де С. Дүйсенбиевтың «Махаббат миниатюралары», театрландырылған концерттік бағдарламасы басталады.

Бұл күні Бейбітшілік және келісім сарайында 19:00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры М. Горькийдің «Отец» драмасын ұсынады.

26 қаңтарда сағат 18:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры К. Гольдонидің «Кьоджинские перепалки» комедиясын қояды.

Қалалық алаңда сағат 11:00, 17:00-де Мұз қалашығындағы «Көңілді қыс» қысқы көңілді старт жарысы басталады.

26, 27 қаңтар күндері Қуыршақ театрында сағат 12:00, 14:00 және 16:00-де Г.Х. Андерсеннің «Қайта оралған су перісі» ертегісі балалар назарына ұсынылады.

27 қаңтар күні сағат 17:00-де «Астана Опера» МОБТ камералық залында

«Моцарт. Дебюсси.Махамбет» концерті басталады.

Сонымен бірге, 27 қаңтар күні «Жастар» театрында сағат 19:00-де С.Қасымбектің «Лифт» драмасы қойылады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы