383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы жастарды баспанамен қамту мәселесін көтерді

  • 1101
  • UPD: 15:22, 23.01.2019

Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Елбасы жастарды баспанамен қамту мәселесін көтерді.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев халық саны миллионнан асатын 3 мегаполис - Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жылына 1000 пәтер салуды тапсырды. Олар, негізінен, жұмысшы жастарға арналмақ. Осылайша, баспанасыз жүрген жас мамандардың мәселесі бірте-бірте шешімін таппақ. Айта кетейік, бұл бастама аталған 3 қалада бастау алғанымен, кейіннен басқа шаһарларда жалғасын таппақ.   

Сондай-ақ Президент форумда жастардың үй-жай жағдайын жақсарту мақсатында елімізде арнайы «7-20-25»  бағдарламасының қолға алынғанын атап өтті. Елбасы баспаналы болудың түрлі жолдары қарастырылғанын тілге тиек етіп, тұрғын үйге қол жеткізу үшін тынбай еңбек ету керектігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы