383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық 2 мыңға жуық студент Елбасының жастармен кездесуін тікелей эфирде тамашалады

  • 672
  • UPD: 15:21, 23.01.2019

Алматыдағы іргелі жоғары оқу орындарының студенттері Елбасының жастармен кездесуін тікелей эфирден тамашалады. «Хабар 24» арнасыны тілшісі  әл-Фараби атындағы университет студенттерімен бірге тікелей байланысқа шықты.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Студенттер сарайына Мемлекет басшысының жастармен кездесуін тікелей эфирде тамашалауға 2 мыңға жуық студент жиналды. Белсенді жастар Елбасының ел болашағына қатысты айтқан әр сөзін зер сала тыңдап, тағылымды ой түйді. Әсіресе, форумда айтылған Жастар жылы аясында іске асатын жобалар жастарға қанат бітірді. Бұл жастарға мол мүмкіндік берумен қатар, үлкен жауапкершілік те жүктейді.

Хабар 24 телеарнасы