383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев жастарды туған жерді аялауға шақырды

  • 745
Нұрсұлтан Назарбаев жастарды туған жерді аялауға шақырды

«Өзіңді құрметте, өзгені де сыйла». Жастар жылының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды туған жерді аялауға шақырды. Тау-тасын аралауды, табиғатын аралауды тапсырды.

«Менің аяғым тимеген ауыл жоқ шығар Қазақстанда, яғни білгеннен кейін айтамын. Бізде саяхатқа қолайлы, демалуға оңтайлы өлкелер жетіп артылады. Батысқа барып, Каспийдің жағасын көріңдер». Шығысқа барып Алакөлді аяқты салқындатуға болатынын да тілге тиек еткен Президент сөз орайы келгенде, «Тәуелсіздікті біз орнаттық. Оны ұстап қалу сендердің мойныңда», - деп жастарға аманат артты.

Сондай-ақ тәуелсіз елдің тірегі саналы ұрпақ екенін еске салып, елімізде енді шаңырақ құрған жас отбасылар бала санына мән беруі тиіс дегенді алға тартты. Жиырма жеті жасында жеті баланың анасы атанған Жазира Тұрғынова өзгелерге үлгі болсын деді.

Хабар 24 телеарнасы