384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық жастар жоспарларымен бөлісті

  • 787
  • UPD: 15:24, 23.01.2019

Мемлекеттік жастар саясатын қолдап, жүзеге асыруға дайын азаматтардың қатарында Ертіс өңірінің ұл-қыздары да бар, деп хабарлады жастармен бірге тікелей эфирге шыққан «Хабар 24» арнасының тілшісі.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Біз Павлодар қаласындағы жастар бастамаларын дамыту орталығындамыз. Форумды көруге түрлі салада жұмыс істейтін азаматтар жиналды. Бұл мекеме алты жыл бұрын елімізде ең алғаш болып ашылды. Осы уақыт аралығында осы жер жастар ұйымдарын бір арнаға тоғыстырып, ондаған үкіметтік емес ұйымдардың штаб-пәтеріне айналды деп ауыз толтырып айтуға болады. Бүгінде орталықта ондаған жастар бірлестігі шоғырланған. Мәселен, Павлодар география үйі, әлеуметтік-волонтерлік орталық, еріктілер клубы, ресурстық орталықтар, іздестіру отрядтары сияқты ұйымдар бар. Осы жерде құқықтық көмек те көрсетіліп,орталық инспекторлары тұрғын үй, жұмыспен қамту жөнінде кеңес береді. Өз басым, бұл шараға қатысқан қыз-жігіттер Жастар жылының ресми ашылуын тағатсыздана күтті деген сенімдемін. Олардың көбі осы жыл аясында қордаланған мәселелер шешімін табады деген сенімде. Сөз соңында айта кетейін, осы тектес шаралар облыстың барлық қала-аудандарында ұйымдастырылды. Жалпы, бүгінгі таңда облыс халқының 32%-ін жастар құрайды. Яғни, 14-29 жас аралығындағы 163 мыңнан астам азамат бар.

Хабар 24 телеарнасы