384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық жастар кәсіпкерлікті таңдайды

  • 1199
  • UPD: 15:40, 23.01.2019

Қостанайлық студенттер де Жастар жылының ашылу салтанатын тікелей эфирден тамашалады.

Олардың алға қойған мақсат-міндеттері биік.

Біз қазір Қостанайдағы жоғары оқу орындарының бірінде тұрмыз. Елбасының қатысуымен өткен бүгінгі ауқымды шараны мұнда 120 студент тамашалады. Форумда көтерілген бастамалар қостанайлық жастарды да қызықтырып отыр.

Жалпы айта кеткен жөн, биыл Қостанай облысы бойынша жастар саясатын қолдауға 307 миллион теңге бағытталмақ. Жүзеге асырылатын жобалар жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, отбасылық құндылықтарды сақтауға, заң бұзушылықтарды алдын алуды қамтиды.

Өз кәсібін ашып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ынталы жастар өңірде жетерлік. Солардың бірі – Аида Маратқызы.

Аида Маратқызы, студент:

- Егінмен айналысқым келеді. Оны басқа елдерге экспорттаймын. Ұн тағамдары. Қазір ұн тағамдарын шығарып, үлкен нәтижеге жеткім келеді. Нақты-нақты өз ойларымды жазып дайындаудамын. Бірақ өзімнің осы оқу орнымды бітіргенше оны іске асыруға тырысамын.

Мұндай тыңдаулар тек облыс орталығында ғана емес, сондай-ақ аудандардағы барлық колледждер мен техникумдарда өтті.

Айта кетелік, алдағы сәуір айында Қостанайда алғашқы рет Жастар сарайын ашу жоспарланған. Сондай-ақ таяу арада «Көктем көркі – қызғалдақ» атты ауыл жастарының форумы өтеді.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы