383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жастарды қолдау бағытында 100-ден астам жоба іске асырылмақ

  • 752
  • UPD: 15:39, 23.01.2019

Бүгінгі форумды Шығыс Қазақстан облысында 10 мыңға жуық жас тікелей эфирде тыңдады.

Олар елімізде бұған дейін жастар саясатында атқарылған жұмыстарды біліп, болашақта іске асатын шаралардан хабардар болды. Бұл тұрғыда шығыста осы жылы 11 бағыт бойынша 100-ден астам жоба жүзеге асырылады.

Облыстағы 1 миллион 300 мыңнан астам халықтың 30 процентін жастар құрайды. Сондықтан олар биылғы жылдан ерекше үміт күтіп отыр. Астанада өткен жастар форумын Сәрсен Аманжолов атындағы университетінің студенттері ерекше ықыласпен тыңдады.

Жыл бойы жастарды қолдау бағытында жасалатын шараларға қанықты. Ал осы жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің өзінде бірнеше жоба жүзеге аспақ.

Аманжол Төлемісов, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ проректоры:

- Ақпан айының 7-8-і күндері Польшаның Свеча қаласындағы лингвистикалық университетінде Абай атында ғылыми-танымдық жастар орталығы ашылады. Сонымен қатар Абай атындағы, Аманжолов атындағы шәкіртақылар тағайындалып отыр. Бұл білімді жастарға, яғни мектепті алатын белгімен бітірген ҰБТ-дан 130 балдан жоғары алған, дарынды білімгерлерді 4 жылдық шәкіртақымен қамтамасыз ету жөнінде ректор шешім шығарды. Бұл да жастарға үлкен қолдау болады деген сенімдеміз.

Форумда Елбасы алдында сөйлеген әрбір жас өз құрдастарына үлгі. Бұл тұрғыда шығыстағы жастар да қалыс қалмақ емес.

Мәрлен Әбубәкір, студент:

- Жағдайы төмен студенттер мен жетім балаларға жатақханадан тегін орын беріледі. Бір бағытымыз атқарылып жатыр. Алдағы уақытта коворкинг орталық ашу және фитнес клубтар ашу жоспарда бар. Осындай атқарылатын шаралар өте көп.

Жастар жылы аясында облыс бойынша да нақты жобалар жүзе аспақ. Олардың ең негізгісі жастарды жұмысқа орналастырып, баспанамен қамту.

Авторы: Олжас Керейхан

Хабар 24 телеарнасы