386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде сот жүйесін жаңғырту жұмыстары белсенді жүріп жатыр

  • 589
  • UPD: 15:40, 23.01.2019

Өткен жылы судьяларды іріктеу мен тағайындауға қатысты пилоттық жобалар жүзеге асып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижесін берген.

Енді мамандар оны заң жүзінде бекітуді ұсынып отыр. Бүгін Мәжілісте құжатты таныстырған Жақып Асанов барлық бастама халық сенімінен шығуға бағытталғанын айтады. Оның ішінде үкімдердің заңды болуы, қарапайым тілде түсіндірілуі және әр уәжге нақты жауап берілуіне назар аударылмақ. Осы мақсатта мықты заңгерлерді судьялық қызметке тарту міндеті тұр. Бұған қоса, сот академиясындағы білім сапасын арттырып, судьяларды іріктеу талаптарын күшейте түспек.

Хабар 24 телеарнасы