384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік студенттер Жастар жылында атқарылатын жобаларға үлес қоспақ

  • 746
  • UPD: 15:41, 23.01.2019

Елбасының жастар баспанасы туралы бастамасы әсіресе Шымкент шаһарындағы студент жастарды қуантты.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» атты шараны тікелей эфирде тамашалаған олар Жастар жылында атқарылатын жобаларға өз үлестерін қоспақ.

Елбасы бүгін Жастар жылында қандай бағытта жұмыс атқарылатын айқындап берді. Оның ішінде әсіресе шымкенттік жастарға ұнаған тұсы – жас азаматтарды бизнеске баулуды жүйелі жүргізу жайы.

Сосын ауылдық жерлерге жастарды тарту, оларды тұрақтандыру. Осы ретте «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жастарға берер мүмкіндігін кеңейтуді тапсырды. Оларға бір реттік жәрдемақыны 70 айлық есептік көрсеткіштен 100 айлық есептік көрсеткішке көтеру керек екенін де еске салды. Ал ОҚМУ студенті Нұрлыбек Әбілкәрім енді кез келген жас баспана жайына алаңдамай, қалаған қаласына барып жұмыс істеуге болатынын, ол шаһарда жас маманға мемлекеттен жалдамалы пәтер берілетіндігін құп көріпті. Ол осы жоғары оқу орнында жобалаушы мамандығында білім алады.

Жастар жылына арналған жиында еріктілер қатарындағы студент жастарды қолдау жайы сөз болды. Тіпті олардың шәкіртақысын 30 пайызға көтеру жайы да баса назарға алынды. Енді жас ғалымдар арнайы грантты иемденетін болады. Президент сондай-ақ шағын несие беру аясында «Жас кәсіпкер» жобасын қолға алу керектін де айтты. Осындай тың бастамаларға Шымшаһардағы 241 мыңнан астам жас буында өз үлестерін қоспақ. Шаһардағы жастар саны қала халқының 24 пайызын құрайтынын айтқым келеді. Алда олар шаһарда 20-дан астам түрлі шаралар мен жобаларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы