376,73 428.00 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еріктілердің еңбегі ескерусіз қалмайды

  • 367
  • UPD: 23:42, 23.01.2019

Президенттің еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алып жатқан еріктілер тобының шәкіртақысын көбейту туралы бастамасын қарағандылық жастар қуанышпен қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мұндай қадам қайырымдылық шараларына қатысқысы келетін студенттердің қатарын арттыра түседі деп есептейді. Қарағандыда білім алып жатқан шәкірттерді, әсіресе, стартап жобаларды қолдау және еріктілердің стипендиясын 30 пайызға өсіру мәселесі қатты қызықтырады.     

Айкөркем Тілеубай, студент:

- Елбасы білім алған Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері, яғни, мына біз, жас ұрпақ бұл саясат қана емес, мұны үлкен міндет ретінде үміттерін ақтауға тырысамыз. Елбасы айтып өткендей, волонтерлық қабілеттілік ол әр студенттің, әр жас тұлғаның бойында болуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы