427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жаңа жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар 70 түрлі өнертабыспен танысты

  • 1050
Алматыда жаңа жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар 70 түрлі өнертабыспен танысты

Алматыда жаңа жобаларды жүзеге асырушы инвесторлар жетпіс түрлі өнертабыспен танысты.

Олардың барлығы 20 мың доллар көлеміндегі бір реттік қаржылай қолау алған. Яғни жоба толық дамытылған. «Тапқыр жастардың жобасы экономика, ақпараттық технология, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы және экология саласында сұранысқа ие», – дейді ұйымдастырушылар. Мысалы, өткен жылы көңілден шыққан өнертабысты қаржыландырған шетелдік компанияның табысы бір жылда үш есеге артқан. Нәтижесінде, жастардың авторлық жұмысына қызығушы инвесторлар қатары көбейіп келеді.

Жандос Керімқұлов, жоба авторы:

– Біз 2018 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істеп келе жатырмыз. Сол уақыт аралығында екі түптұлғасын жасадық. Енді егін маусымына байланысты нарыққа шығуымыз керек. Яғни қазір 80-90 пайызы дайын.

Хабар 24 телеарнасы