387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 6 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

  • 469
Ақмола облысында 6 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

Ақмола облысында жас кәсіпкерлер көбейіп келеді.

Мәселен, өткен жылы 500-ден астам жас бизнес негіздерін меңгеріп, олардың 90-ы шағын несие, ал 63-і грант алу арқылы өз кәсіптерін ашқан. Ал былтыр жастар тәжірибесіне 668 адам жіберілсе, тағы 200-ге жуық маман әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылған. Айта кетейік, биылдан бастап жастар тәжірибесіне баратын маманның жалақысы 63 мың теңгеге көтерілді. Яғни ол 3 жыл бойы ел қазынасынан осындай еңбекақы алып отырады. Биыл бұл бағыт бойынша 264 жас маман қамтылмақ. Жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру да күн тәртібінен түскен емес. 

Алина Құрмансейітова, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бөлімінің бас маманы:

– 2018 жылы жастардың санатынан 6239 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Одан бөлек, 624 жас өз келісімімен ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Биыл да бұл көрсеткіш кемімейді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы