383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардағы Н.Шафердің музей-үйі өз мәртебесін сақтап қалды

  • 478
  • UPD: 14:23, 24.01.2019
Павлодардағы Н.Шафердің музей-үйі өз мәртебесін сақтап қалды

Әлемдегі жалғыз грампластинкалар музейінің тағдыры шешілді.

Жергілікті атқарушы биліктің шешімімен музей бұрынғы мәртебесін сақтап қалатын болды. Мәдени ошақ Павлодарда 2001 жылы Наум Григорьевич Шафердің жеке күйтабақтар коллекциясы негізінде ашылған. Оның қорында 27 мың күйтабақ бар. Көпшілігі – жалғыз данамен шыққан түпнұсқа өнім. Сирек жазбалар – осыдан 70 жыл бұрын жазылған Күләш Байсейітова, Жамал Омарова сынды қазақтың жезтаңдай әншілерінің үні ертеде жазылған қазақ күйлері. Жуырда ғана 88-ге келген Наум Шаферді туған күнімен құттықтай келген облыс әкімі Болат Бақауов ғажайып өнер ордасын аралап, сирек дыбыстық жазбаларды тыңдады. Ол бұған дейін көпшіліктің талқысына түскен оңтайландыруға қатысты өз пікірін білдірді.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

– Шағын музейлерді біріктіру туралы түрлі ұсыныстар болды. Ал Шафер үйі музейінің орны бөлек. Сондықтан дербес музей мәртебесін сақтап қалады. Мен бұл туралы мәдениет басқармасына тиісті тапсырма бердім.

Хабар 24 телеарнасы