383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


iKomek: Астаналықтарды қандай мәселелер мазалайды?

  • 757
  • UPD: 15:19, 24.01.2019

Астаналықтардың басым бөлігі iKomek орталығына қоғамдық көлік қызметіне байланысты хабарласады.

Одан кейін келіп түсетін сұрақтар денсаулық сақтау саласына байланысты. Сонымен қатар әртүрлі анықтамалық сауалдар келіп түседі. Елорда тұрғындары көп жағдайда автобустардың жүру бағытын және мерекелік шаралар туралы ақпарат алуды көздейді. Бұдан бөлек, жуырда орталықтың жаңа мобильді қосымшасы өз жұмысын бастады. Ендігі ретте қала билігі тәулік бойы болған оқиғалардан, яғни көлік апаты немесе коммуналдық мәселе болсын хабардар болады. Жалпы былтыр iKomek қызметіне 1 миллионнан астам өтініш келіп түскен. Бүгінде өтініштердің 80 пайызы бірінші қоңыраудан-ақ атқарылады.

Ақан Нұрғожин, «іКomek» әкімшілік-қаржылық департамент директоры:

– Адам өміріне қауіпті жағдайлар бойынша 101, 102, 103 және 112 нөмірлері бар. Барлық нөмірлерді 112 нөміріне біріктіру жоспарда бар. Мерзімі бойынша ағымдағы жылдың екінші тоқсанында іске асырылады деп күтіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы