389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Емханалар толығымен электронды форматқа көшті - ДСМ

  • 799
  • UPD: 21:49, 24.01.2019
Емханалар толығымен электронды форматқа көшті - ДСМ

Еліміздегі ауруxаналардың жұмысы толықтай электронды форматқа ауысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның нәтижесінде өткен жылы 38 миллиард теңге үнемделген. Тек қағазбастылықты жоюдың өзінен 250 миллион теңге артылды. Дәл осынша қаржыға қағаз, флюропленка және басқа да заттар сатып алу керек болатын. Аталған қаржы енді денсаулық сақтау саласының басқа қажеттіліктеріне жұмсалады. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев хабарлады. Оның айтуынша, цифрландыру нәтижесінде үнемделген қаржыдан бөлек xалықтың емxанаға баруы екі есеге азайған. Кезек күту уақыты да айтарлықтай қысқарды.

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Биыл біз осы саладағы жұмысты жалғастыратын боламыз. Себебі аудан деңгейінен төмен медициналық мекемелерде интернет әлі жоқ. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесе отырып, 2021 жылға дейін ауыл емxаналарын да толығымен электронды форматқа ауыстыруды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы