429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында 392 шақырым жол қалпына келтіріледі

  • 1133
  • UPD: 14:12, 25.01.2019
Қостанай облысында 392 шақырым жол қалпына келтіріледі

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қостанай облысында биыл 5,7 миллиард теңгеге 392 шақырым жол жөндеуден өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырға қарағанда бес есеге көп. Атап айтқанда, облыстық маңызға ие Ұзынкөл-Сарыкөл бағытындағы жол қалпына келтіріледі. Сондай-ақ Қостанай халықаралық әуежайындағы жұмыстар толығымен аяқталады. Әуе қақпасының ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге екі жарым миллиард теңге қарастырылған. Нысанды жаңғыртудың нәтижесінде жолаушылар және жүк тасымалы бағытында жаңа рейстер ашылады.            

Алексей Костюков, облыстық автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары: 

- Әуежайымыз үлкен әуе кемелерін қабылдай алады. Көлемді жүктерді еш кедергісіз шетелдерге, өзге облыстарға жеткізуге мүмкіндік туады. Бір сөзбен, әуежай халықаралық деңгейде қызмет көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы