427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбелік жеткіншек жолдарды пластикалық блоктармен төсеуді ұсынады

  • 1170
  • UPD: 14:10, 25.01.2019
Ақтөбелік жеткіншек жолдарды пластикалық блоктармен төсеуді ұсынады

Жол жөндеудің жаңа үлгісін Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әлішер Базарбай жасап шығарған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жоба қордаланған бірнеше мәселенің шешімі болмақ. Экологияға зиянды пластик қалдықтарын қайта өңдеп, қоқыс полигонын үйілген пластмасса сынықтарынан арылтады. Ал бөлшектеп құйылған жол жабындысының қызмет мерзімі де артады. Ең бастысы, құны да қазіргі асфальт жабындысынан әлдеқайда арзан. Жоба авторы: «пластикалық жолдар кез келген ауа райына төтеп береді», – дейді. Жабынды астымен коммуникациялық жүйелерді жүргізу де қиындық тудырмауы тиіс.

Әлішер Базарбай, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Бұл жоба еліміздегі жол мәселесін толығымен шешеді деп сенемін. Себебі, құрылыс жұмыстарына айтарлықтай көп қаражат қажет емес. Бастысы, дайын пластикалық блоктарды төсеуге көп уақыт та кетпейді. Ал жолдың бір бөлігі жарамсыз боп қалса, тез арада жаңа блок орнатуға болады. Ал ескірген бөлігі қайтадан өңдеуге жөнелтіледі.

Хабар 24 телеарнасы