380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандағы қазақ студенттер Елбасы бастамасын қолдап отыр

  • 1171
  • UPD: 14:08, 25.01.2019

Елбасының қазақ жастарын жігерлендірген бастамасын Өзбекстандағы қандастарымыз да қызу қолдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Диаспора өкілдері әсіресе «Жас маман» бағдарламасына ерекше қызығушылық танытуда. Өйткені кейбір студенттер жоғары оқу орнын тәмамдаған соң ата жұртта білімін жетілдіріп, тәжірибе жинақтамақ. Оған көрші ел билігі де мүмкіндік беріп отыр. Өзбекстан үш жарым мыңға жуық маманын шетелге магистратура мен докторантураны оқып, біліктілігін арттыруға жібермекші. Бұнымен қоса көрші ел билігі шетел университеттерінің дипломдарын тану мен нострификациялау рәсімін жеңілдетті. «Бұл – Өзбекстандағы өзге ұлт өкілдері үшін жасалған жақсылық», – дейді жастар. Ташкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алып жатқан студенттер болашақта білімін жетілдіріп, Өзбекстандағы қазақ жастарын тіл үйретсек деген жоспарлары бар. Қандастарымыз осылайша Елбасы айтқан бастамаға өз үлестерін қоспақ ниетте.

Бекжан Оразбаев, студент:

- Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты мәселесі болып табылады. Ол мәселенің біршама шешімі табылды. Бұнда көзделген басты мақсат – Қазақстандағы жастардың жалпы білімді әрі білікті маман болып шығуы.

Айгерім Маликова, студент:

- Мына бір сөз бізді ерекше толғандырды. «Сендер ештеңеден қорықпаңдар. Тек қана халықаралық бәсекелестікте қорықпасаңдар болды. Тек өздеріңнің білімдеріңе сеніңдер және әртүрлі өзгерістерден қорықпаңдар. Оларға тек қана тиянақты білім болса жетерлік». Және біз де одан бейтарап қалмай, өз үлесімізді қоспақшымыз. Алға қойған мақсатымыз айқын, міндетіміз жарқын.

Хабар 24 телеарнасы