427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да «Есірткісіз болашақ» жылы жарияланды

  • 2585
  • UPD: 14:05, 25.01.2019
СҚО-да «Есірткісіз болашақ» жылы жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті «Есірткісіз болашақ» жылын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

ХХІ ғасыр дертіне қарсы күрес үшін арнайы бағдарлама да қабылданды. «Қазір бұл қоғамда өзекті мәселеге айналды», – дейді тәртіп сақшылары. Жасөспірімдер арасында әсіресе синтетикалық есірткі жарнамасы қызып тұр. Былтырғы жылдың қорытынды бойынша, тұз және спайс сататын 3 мыңнан астам сайт жабылды. Бір ғана Петропавлда бір жарым келі синтетикалық зат тәркіленіп, 120 нашақор ұсталды. Шара барысында белсенді жастар нашақорлыққа қарсы жазу парақшаларын көтеріп, үндеу айтты. Флешмобқа 500-ден астам адам қатысты.

Қанат Нұранов, ҚР ІІМ ЕБҚКД басқарма басшысы:

- Біз нашақорлықтың алдын алуға және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған облыс әкімімен бекітілген ведомствоаралық бағдарлама әзірледік. Жалпы жұмысымыз жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған болады.

Хабар 24 телеарнасы