Таяуда Талдықорғанда ІТ-стартаптардың аймақтық технопаркі құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
. Ол «ЖетісуХаб» деп аталады. Технопаркте мобильдік ұсыныстар мен компьютерлік бағдарламалар жүзеге асырылады, серверлер ашылады. Демек осы жерде бастау алған жобалардың бизнес-жоспарларынан бастап олардың коммерцияландырылуына дейінгі кезеңді қадағалап, отыруға мүмкіндік туады. Егер жоба белгілі бір дәрежеде коммерциялық табыстарға жетіп жатса, одан технопаркке де үлес беріледі.
Шыңғыс Нұрғожаев, жоба авторы:
- Бұл жерде стартап ретінде басталады. Біраз уақыттан кейін жас маманға бизнес-инкубатор ретінде қолдау көрсетіледі. Содан кейін ол өзінің жеке бизнесін бастай алады.