420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да ауылдардың 52% орталықтандырылған су жүйесіне қосылған

  • 1414
  • UPD: 14:03, 25.01.2019
ШҚО-да ауылдардың 52% орталықтандырылған су жүйесіне қосылған

Бұл аймақтағы 1 миллион 300 мың халықтың 824 мыңы суды орталық жүйеден ішіп отыр деген сөз, деп хабарлайды «Хабар 24».

2018 жылы тағы да 18 ауылға құбыр тартылған. Нәтижесінде 9 мың тұрғынның ауызсу мәселесі түбегейлі шешілді. Алдағы 1-2 жылда Семей қаласының маңындағы елді мекендер мен Аягөз, Зайсан, Жарма, Күршім, Көкпекті, Тарбағатай аудандарындағы ауылдарда орталық ауызсуға қосылады. Ол үшін биыл құны 32 милллирад 300 миллион теңгенің 39 жобасы нақты жүзе аспақ. Оған қоса жалпы сомасы 68 миллиардтан астам теңгенің 118 жобалық-құжаты дайын тұр. Қолға алынған бұл жұмыстар нақты іске асса, 2025 жылы аймақтағы ауыл тұрғындарының 85 проценті орталықтандырылған құбырдың суын тұтынатын болады.

Мұрат Мұсатаев, облыстық ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Биыл біздің облыста 9 ауыл суға қол жеткізеді. Онда 9 мыңға жуық халық бар. Біз 2025 жылға қарай 100 пайыз қамтитын жоспарымыз бар. Оның ішінде 2022 жылы ауылдардың 88 проценті суға қол жеткізетін болады.

Хабар 24 телеарнасы