384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА белсенді жастарға бизнестің қыр-сырын түсіндірді

  • 976
ҚХА белсенді жастарға бизнестің қыр-сырын түсіндірді

Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарды қолдауға білек сыбана кірісті.

Бүгін ұйым жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығы арнайы форум өткізіп, белсенді жастарға бизнестің қыр-сырын түсіндірді. Әсіресе, тың идеялары бар қыз-жігіттер табысты азаматтармен еркін пікір алмасып, жобаны жүзеге асырудың жолдарын білді. Оның ішінде мемлекеттік қаржылай қолдауды алу мен заңдағы мүмкіндікті пайдалануға қатысты кеңестер көп болды. Енді кәсіпкерлер қауымдастығының арнайы тобы еліміздің түкпір-түкпіріндегі аудан мен ауылдарды аралап, жергілікті жастармен осындай форматтағы жиындар өткізбек.

Думан Қыдырбаев, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы:

– Біз енді Ақкөл қаласынан пилоттық жоба ретінде бастаймыз. Одан әрі Солтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарына жылжып, мүмкіндігінше, барлығын қамтуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы