425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі ең жас көпбалалы ана баспаналы болды

  • 2452
  • UPD: 19:53, 25.01.2019
Еліміздегі ең жас көпбалалы ана баспаналы болды

Еліміздегі ең жас көпбалалы батыр ана Жазира Тұрғынованың отбасы баспаналы болды.

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жеті балалы жанұяны арнайы қабылдады. Кездесуде өңір басшысы батыр анаға Төлеби ауданы Ленгір қаласынан 4 бөлмелі пәтердің кілтін және балаларға қыстық жылы киімдер табыстады. Жаңа баспана жылы әрі жайлы және тұрмысқа қажетті барлық жиһазбен қамтылған. Сонымен бірге Жазираның қосымша мамандық алып, жолдасының да, өзінің де жұмысқа орналасуына жағдай жасалатын болды. Жазира Тұрғынова 27 жасында 7 баланы дүниеге әкелген. Оның 3-і қыз, 4-і ұл. Үлкені 11-де, ал кішісі Алихан 1 жасқа енді толады. Айта кетейік, жақында ғана Жазира Тұрғынова елордада өткен жастар форумына қатысып, Елбасымен кездесіп, батасын алып қайтқан болатын. Жалпы бүгінде облыста 134 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның 51 мыңнан астамы – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері.

Хабар 24 телеарнасы