378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Cosmopolitan beauty awards» журналы жылдың үздік косметика өнімдерін анықтады

  • 1125
  • UPD: 09:57, 26.01.2019

Алматыда жылдың үздік косметика өнімдері анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Cosmopolitan beauty awards» журналы сұлулық саласындағы тауар белгілерінің арасынан үздіктерді марапаттады. Байқаудың мақсаты – қыз келіншектердің косметика өнімдерін таңдаудағы талғамын жеңілдету.

«Cosmopolitan» журналы өткізген сайысқа еліміздің қыз-келіншектері пайдланатын әлемдік брендтер қатысты. Нәзік жандылардың талғамына сай келетін тауарлар жиырма аталым бойынша анықталды. Әлеуметтік желі арқылы жүргізілген дауыс беру қазан айында басталып, осыдан бір тәулік бұрын қорытындыланды. 

Анель Әбдуәлиева, cosmo.kz сайтының және журналдың бас редакторы:

– Біз бүгін бьюти индустрия саласындағы өткен жылдың ең үздік өнімдерін марапаттауға жиналдық. Жалпы әлеуметтік желі арқылы 2 млн адам өздері қалаған өнімдеріне дауыс берген. Сайт парақшасы 3 млн көрсетілімге жетті. Дауыс беру 24 сағат бойы жүргізілді. 

Жалпы әсемдікке жаны құмар жандар мен олардың сұлулығын айшықтауға арналған байқау жыл сайын өткізіледі. «Таңдап алынған өнімдер арулардың талғамын көрсетеді», – дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, жылдың үздік косметика өнімдерін бағалау үшін арнайы сайт жасақталған.

Айгерім Отарбаева, cosmo.kz сайтының және журналдың редакторы:

– Біз биыл жүлделерді төртке бөліп қарастырдық. Яғни теріні күтуге арналған, шашты баптайтын өнімдер, бет әлпетіңізге сән беретін косметика және қажетті құрылғылар. Жиырма аталымның әрқайсысына 5 үміткер қатысты.

Үздіктерді марапаттау шарасына өнер адамдары мен сән саласының мамандары шақырылды. Салтанатты кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Сұлулыққа арналған өнімдер саласындағы бірегей сайыстың жеңімпаздары «Cosmopolitan» журналының кезекті санында жарияланады.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы