384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана әкімдігі жастарды баспанамен қамтудың тиімді механизмін әзірлеуге кірісті

  • 836
  • UPD: 21:23, 25.01.2019
Астана әкімдігі жастарды баспанамен қамтудың тиімді механизмін әзірлеуге кірісті

Астана қаласының әкімдігі жұмысшы жастар мен жас отбасыларды баспанамен қамтудың тиімді механизмін әзірлеуге кірісті.

Бұл туралы Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысында қала әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, мәселе негізінен Тұрғын үй жинақ банкі, «7-20-25», «Нұрлы жер» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен шешілмек. Айта кетейік, Астана халқының 20 процентке жуығы – жастар. Сондай-ақ жиында болашақта сұраныс артатын мамандықтар жайы да сөз болды. Шаһар басшысы алдағы уақытта қала экономикасына қажетті мамандарды даярлау үшін 100 оқу грантының бөлінетінін айтты. Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарының түлектері жайлы ақпарат жинақталған бірыңғай база құрылмақ. «Бұл – оларды жұмыспен қамту үшін жасалған қадам», – деді Бақыт Сұлтанов.

Бақыт Сұлтанов, қала әкімі:

– Елбасы өз сөзінде «Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз» деген жақсы сөздерді айтып өтті. Білесіздер, нақты, жаңа, жастарға жол ашатын жақсы бастамаларды көтерді. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар берілді. Айтылған сөздерді далада қалдырмай, үміттерді ақтап, нақты жұмыстарға көшуіміз қажет.

Хабар 24 телеарнасы