428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында өткен әскери жаттығуға 2 мыңнан астам жауынгер қатысты

  • 2026
  • UPD: 23:33, 25.01.2019

Жамбыл облысындағы «Отар» әскери гарнизонында 2 мыңнан астам жауынгер қатысқан бригадалық оқу-жаттығу өтті.

Оған құрлық әскерлері, артиллерия бөлімшелері мен әуеден барлау және шабуыл жасау құрылымдары қатысты. Жаттығуда жас жауынгерлер өз білімдерін тәжірибе жүзінде сынап көрді.

Мәтібұлақ әскери атыс алаңында қысы-жазы зеңбіректердің дүрсілі мен тегеурінді техниканың дүбірі тыншымайды. Өйткені мұнда күн сайын түрлі әскери құрылымдардың оқу-жаттығуы өтіп тұрады. Абай Бәкір өткен жылы әскер қатарына алынған. Жас жауынгер – он екінші танкілік бригада құрамындағы мергендердің бірі. Ол – артиллериялық-зеңбіректі техниканы басқаруда, нысанаға оқ атуда жақсы нәтиже көрсеткен сарбаз.

Абай Бәкір, 21450 әскери бөлімінің сарбазы:

– Өзі 15 тонналық болады. Атқанда 15 шақырымға кетеді. Осы жаттығулармен біз айына бір-екі рет полигонға шығып тұрамыз. Оқу-жаттығулар қазір жақсы жүргізіліп жатыр.

Оқу-жаттығу кезінде қаскүнем топтардың шабуылына тойтарыс беру, барлау жүргізу, әуеден оқ жаудыру бұйрықтары тиянақты орындалды. Жауынгерлік машиналар, Т-72 танкілері мен артиллериялық қондырғылар дайындығы сыналды.

Алмас Сәдуақас, тілші:

– «Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы бұл жерде бір аптадан бері жауынгерлік даярлықты тексеріп жатыр. Жалпы бұл бригадалық-тактикалық оқу жаттығуларға 2 мыңнан астам сарбаз қатысып, 40 ге жуық әскери техника мен авиация құралдары жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың барлық кезеңдерін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен құрлық әскері бас қолбасшылығы бақылады. Түнде және күндіз өткізілген тактикалық тапсырмалардың орындалуы жоғары бағаланды.

Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы