389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да алдағы аптада -42 градусқа дейін аяз түседі

  • 565
  • UPD: 11:43, 26.01.2019
ШҚО-да алдағы аптада -42 градусқа дейін аяз түседі altaynews.kz

Бұл туралы тұрғындарға ескерту хабарламалары таратылып жатыр.

ШҚО-да күн райы күрт суытады. Алдағы аптаның басында -42 градусқа дейін аяз күтіп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс.

Синоптиктердің болжауынша, 28-29 қаңтар күндері аймақта түнгі уақытта ауа температурасы минус 28-33, кей жерлерде 38-42 градусқа дейін төмендейді екен.

ШҚО ТЖД тұрғындарға бұл туралы ескерту хабарламаларын таратып жатыр. Сондықтан алдағы күндері алыс жолға шығуды жоспарламаған жөн.

Хабар 24 телеарнасы