Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook Messenger, Instagram және Whatsapp біріктірілмек

  • 652
  • UPD: 12:19, 26.01.2019
Facebook Messenger, Instagram және Whatsapp біріктірілмек

Facebook басшысы Марк Цукерберг Facebook Messenger, Whatsapp және Instagram мессенджерін біріктіруді көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ әр қызмет жекедара жұмыс істей беретін болады. Тек аталған әлеуметтік желілерде хабарлама алмасу біріктірілмек. Яғни адамдар үш желіде де бір-біріне хабар жіберіп, байланыса алатын болады. Facebook қазір осы қосымшалардағы қауіпсіздікті күшейту мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді. Марк Цукерберктің айтуынша, желіні пайдаланушылардың мәліметтері мен хабарламасы жан-жақты қорғалатын болады. Ауқымды жоба 2019 аяғы немесе 2020 жылдың бас кезінде жүзеге асырылмақ.

Хабар 24 телеарнасы