385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы Ұлттық ұлан сарбаздары ант қабылдады

  • 1219
  • UPD: 14:03, 26.01.2019

Ұлттық ұлан 700 сарбазбен толықты. Астанада әскер қатарына алынған жас жауынгерлер бүгін ант қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сап түзегендердің дені өзге өңірден келгендер. Олар осыған дейін саптық жүріс пен әскери машықтың қыр-сырын меңгерген. Енді ел ішіндегі тәртіпті күзететін болады. Одан бөлек, елордада өтетін барлық саяси-қоғамдық және мәдени іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Табиғи апат кезінде де, төтенше оқиға орын алған жағдайда да қауіпті аймаққа жұмылатын осы Ұлттық ұлан сарбаздары.

Ерден Балғымбаев, 5573 әскери бөлім командирінің орынбасары:

- Осындай жауапты міндет атқаратын болғандықтан жедел құрамаға жаңадан қосылған жауынгерлер аға буын сарбаздар секілді арнайы жаттығулар мен дайындықтардан өткізілді. Енді олар Отан алдындағы борышын адал атқаруға тырысады.

Нұрсадық Жақсылық, Ұлттық ұлан сарбазы:

- Еліміздегі ең жоғарғы бірінші жедел мақсаттағы бригадада қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе. Қазақстан халқының қауіпсіздігі мен тыныштығына өз үлесімізді қосып жүргенімізге мақтанамыз.

Хабар 24 телеарнасы