379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


23 жасында кәсіпкер атанған тараздық азамат жерлестерін жұмыспен қамтып отыр

  • 473
  • UPD: 07:29, 27.01.2019

Тараз қаласында 23 жасында отбасылық мейрамхана ашқан Алихан Айтбаев есімді азамат тұрады.

Шетелде білім алған жігіт инвестор көмегімен туған жерінде жеке бизнесін бастауды жөн санапты. Екі жыл ішінде талай қиындықтарға тап болған Алихан енді тығырықтан шығар жол тапты.

Алихан Айтбаев Малайзияда халықаралық бизнес мамандығы бойынша оқыған. Ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгерген жас мейрамхана ісін терең зерттеп, бизнес жоспар құрады. Өзіне деген сенімнің арқасында шетелден инвестор тауып, кәсібін бастап кетеді.

Алихан Айтбаев, жас кәсіпкер:

– Бізде кәсіпкерлікке қолдау жақсы көрсетіледі. Ақша болмаса кәсіп жасау мүмкін емес деп жатады. Менің ойымша, ақшасыз да кәсіп жасауға болады.

Бүгінде жас кәсіпкер көпшілік тамақтанатын екі орталық ашқан. Келушілер саны күніне 1500-ге жуықтайды. 55 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Өз қаражатына аспазшыларды оқуға жіберіп, шеберлігін шыңдап отырады.

Нұрсұлтан Құрманбеков, аспазшы:

– Мен осында жұмыс істеп жатқаныма бір жылдай уақыт болды. Бұл жер біріншіден халал, екіншіден ұжымда жастар көп. Жұмыс қызықты.

Жамбыл облысында 240 мыңнан астам жас болса, олардың үш мыңы – жас кәсіпкер. Өткен жылы 763 жас өрен кәсіпкерлік негіздеріне оқып, 147-сі шағын несие алды. Өңірде жастар саясатын жүзеге асыруға биыл 638 млн теңге жоспарланған. Бұл қаржыға жұмыспен қамту, әлеуметтендіру, жастар кәсіпкерлігін қолдау сынды 300-ге жуық шара өткізілмек.

Авторлары: Қырмызы Жексенбек, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатілла

Хабар 24 телеарнасы