384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық жас кәсіпкер аз қамтылған отбасылардың балаларына ағылшын тілін тегін үйретіп жүр

  • 782
Қызылордалық жас кәсіпкер аз қамтылған отбасылардың балаларына ағылшын тілін тегін үйретіп жүр

Сыр өңірінде жастар корпусын дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Мысалы, Шиелі ауданында жас кәсіпкер Мөлдір Дүйсенова жетім балаларды, толық емес, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына ағылшын тілін тегін үйретеді. Аудармашы мамандығын меңгерген ол АҚШ-та арнайы оқудан өтіп, Түркия мен Ресейде тәжірибе жинақтады. Қазір Шиелі кентінде жұмыс істейді. Жыл сайын оның курстарына ауданның үш мың оқушысы қатысады. Өткен жылы Мөлдір «Жас проджект» жобасы бойынша грантты жеңіп алды.

Мөлдір Дүйсенова, кәсіпкер:

– Ағылшын тілі курсы 2013 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ең алғаш ашылған кезде жалғыз өзім сабақ беретінмін. Уақыт өте келе командамызға 10-нан аса мұғалім қосылып, 4 жерде филиалымыз бар. Ауыл мектептерінен ұсыныстар түсіп жатады.

Хабар 24 телеарнасы