389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

  • 830
  • UPD: 07:37, 28.01.2019
СҚО-да жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Жастар жылы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Бескөл ауылында «Қызылжар» атты жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды.

Енді кейінгі толқын бұдан былай өздерін толғандырған сұрақтардың жауабын осы жерден ала алады. Мұнда білікті мамандар «Дипломмен ауылға», «Тұрғын үй», «Бизнес бастау», «Жастар тәжірибесі» сынды мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, өз кәсібін ашу, жұмысқа орналасу сынды мәселелерге қатысты ақпараттар мен кеңестерді береді. Бастысы, барлығы тегін. Мұнымен қоса арнайы құрылған жұмыс тобы аптасына бір рет ауылдық округтерді аралап, жастармен кездесіп тұрмақ. Осылайша олардың проблемаларын шешуге атсалысатын болады. Мұнымен қоса орталықта онлайн режимде де кеңес алуға жағдай жасалған.

Гүләсел Хамитова, орталық кеңесшісі:

- Жұмыс туралы болсын, мемлекеттік бағдарламалар болсын, құқықтық мәселелер, теологиялық немесе психологиялық, қай бағытта болсын біз жастарға қызмет көрсетуге әрқашан дайынбыз. Келуге, ауылынан шығуға мүмкіндігі жоқ жастарға онлайн режимде қызмет көрсететін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы